«Дикий Арманға» сот үкімі шықты

42
Фото: Видеодан скриншот kaz.inform.kz

Қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты. Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.  Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.

Бұған дейін «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталған болатын.

Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.