Елімізде бірнеше компанияға қарасора өсіруге мүмкіндік берілді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Сөзінше, бірқатар инвестор қарасора өңдеу жобаларына қызығушылық білдірген. Сондықтан да бірнеше компанияға жасанды жағдайда қарасора өсіруге лицензия берілген. Бұл өнімнен май, мал азығын, тыңайтқыштар және талшық алуға болады.
Премьер-министрдің айтуынша, еліміздің ауыл шаруашылығы саласында биыл біршама жұмыс атқарылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі: «Биыл Солтүстік Қазақстан облысында тәулігіне 1200 тонна күнбағыс өңдейтін зауыт іске қосылады. Бірқатар инвестор қарасора өңдеу жобаларына қызығушылық білдіріп отыр. бірнеше компанияға жасанды жағдайда қарасора өсіруге лицензия берілді. Аталған өнімнен май, мал азығын, тыңайтқыштар және талшық алуға болады».