Ломбард қызметкерлері ақша жымқырғаны үшін сотталды

26
фото polisia.kz
Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотында Б., К., А., У., және Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Б., К., А. У., Б. — сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп ірі және аса ірі мөлшерде жымқыру бабымен айыпталған.
Сотталушылар Мақтаарал ауданында орналасқан бірнеше ломбардтарда қызмет атқарып жүріп, ол жерде материалдық жауапты адам бола тұра, ломбардта кепілде тұрған алтын бұйымдарды иелеріне қайтару барысында төленген ақшалар мен оның пайыздарын жымқырған.
2021-2023 жылдар аралығында өздерінің қылмыстық іс әрекеттері нәтижесінде Б., К., А., жәбірленушіге жалпы 15 млн. теңге ал, У., мен Б., әр-қайсысы 9 млн. теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, барлығына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотта Б., мен А. өз кінәларын мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады.
Сотталушылар Б., У., К. өз кінәларын толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші өкілі Б., А., Б., У.-ға заңға сәйкес жаза тағайындауды, ал К.-ге қатысты келтірілген шығынның толығымен қайтарылғанына ескеріп, оған жеңіл жаза тағайындауды сұрап, азаматтық талап қоюды қанағаттандыруды сұрады.
Сотталушылардың кінәсі сот-экономикалық сараптама қорытындыларымен, куәлердің жауаптарымен, сотталушылардың сотта берген жауаптарымен және істің басқа да құжаттармен дәлелденді.
Сот, сотталушыларға жаза тағайындау кезінде, олардың жауапкершілігін жеңілдетенін мән-жайларға Б., У., К.-нің кінәларын толық мойындап өкінуін, Б.-нің денсаулық жағдайын және асырауларында жас балаларының болуын ескереді.
Сонымен қатар, К..-нің шығынды жәбірленушінің пайдасына толығымен, А., У.-нің ішінара қайтарғанын сот ескерді.
Ауырлататын мəн-жайлар анықталмады.
Сот 16 қаңтар 2025 жылы үкімімен:
— Б., және А. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.;
— У. ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.;
— А. ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігі негізінде Б.-ға, А.-ға, У.-ға және А.-ға тағайындалған жазалардың орындалуы мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.
— К. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналды.
Барлық сотталушыларға материалдық жауапты лауазымды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру туралы қосымша жаза түрі тағайындалды.
Жәбірленушінің талап арызы толық қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.