Мүгедектікті қолдан жасағандар сотталды

31
Фото: Отырар.кз

 

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы мен қалалық емхана медбикесі мүгедектікті қолдан жасап беріп отырған. Медбике делдал болып, бұрынғы бөлім басшысы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан бірнеше рет мүгедектік мерзімін ұзарту бойынша жалпы 500 000 теңге пара алған.

Олардың кінәсі сотта дәлелін тапты. Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 366 және 368 баптары бойынша айыпталып, бөлім басшысы 23 млн. теңге, ал медбике 10 млн. теңге айыппұл арқалады.

Жандос Бекасанов, Шымкент қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы: «Тәуекелдер мүгедектікті белгілеу жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік төлемдерге жәрдемдесу және әлеуметтік төлемдер мен қызметтерге бюджет қаражатын игеру мәселелерінде анықталды. Аталған салада департаментпен қылмыстық іс те тіркелді. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы мен қалалық емхана қызметкеріне қатысты үкім шығарылды, олар мүгедек балалардың ата-аналарынан мүгедектік тобын белгілегені үшін жүйелі түрде пара алып отырған».