Түркістан облысында жол жабылғалы, бірқатар көліктер жолда тұр. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері жолда қалғандар үшін арнайы ыстық шәй мен тамақ, бауырсақ әзірлеп, үлестіріп шықты.

Шетелдік көлік иелері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келіп жолда қалған жолаушылар полицияның бұл іс-әрекетіне риза болып, өз алғыстарын жеткізді.
«Жол полициясы жақсы көмектесті, шәй тамақ ұсынып, жолымызды ашып берді. Қауіпте жалғыз қалдырмады. Жарайсыңдар полицей жігіттер!» деді Жамбыл облысының тұрғыны мен Беларусь елінің азаматы.
Бұндай әрекеттер қарым-қатынас пен өзара көмек көрсетуге үндейді, сондай-ақ қоғамда бірлік пен достықты нығайтуға қызмет етеді.