Полиция трассада жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі

22
фото ТОПД

 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері 42 жастағы күдіктіні есірткіні заңсыз сақтағаны мен тасымалдағаны үшін ұстады.

Оқиға Батыс Еуропа — Батыс Қытай трассасында «Сауран» бекетінің жанында «Тойота Камри»маркалы көлікті тоқтатқан кезде болды.

Тексеру барысында жедел уәкілдер жолаушыдан есірткіге ұқсас заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты.
Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 2 келі «кептірілген марихуана»болды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті, Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.