«Психологиялық қолдау көрсете алмады»

25
фото ҰҰБҚ

Сарыөзектегі сарбаз өліміне әскери бөлім басшылығының жұмысындағы кемшіліктер себеп болуы мүмкін. Бүгін құрлықтық әскерлер бөлімінің басшысы марқұм Дастан Құрманбектің ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Қызметтік тексерісті бастадық деген генерал Мереке Көшекбаев қолбасшылар жігітке психологиялық қолдау көрсете алмады дейді.

Мереке Көшекбаев, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерінің бас қолбасшысы: «Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша біз алдын ала мынандай қорытынды жасадық:
қолбасшылықтың бағынышты жеке құраммен жұмысындағы жекелеген олқылықтар, олар Дастанның әскери қызмет жағдайына бейімделуі аясында оның ішкі тәжірибесін уақытында байқап, анықтай алмады, оған моральдық көмек пен психологиялық қолдау көрсете алмады».

Еске салайық, 14 қаңтар күні Жетісу облысында Жетісайдан келген сарбаз оқ атылып, ажал құшқан еді. Әскерге келгеніне үш ай ғана болған Дастан Құрманбектің өліміне қатысты қару-жарақты дұрыс қолданбау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алайда, ата-анасы әскерге өзі сұранып кеткен ұлына оқ өз мылтығынан атылмағанын айтып, әділ тергеу сұраған болатын. Және 18 жастағы жігіттің қиналғанын айтып, өздерінен көмек сұрағанын да жасырмады. Алайда бұл туралы құрлықтық әскерлер қолбасшысы ешқандай шағым естімедік деп отыр.