Қайтарымсыз грант алып, брусчатка өндірісін ашқан

26
фото ОАӘБҚ
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны Суфибеков Нұрлан есімді жеке кәсіпкер 2024 жылы ІІ лекте 1 миллион 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, брусчатка өндірісін іске қосты. Бүгінде ол сапалы өнімдерімен жергілікті нарықта танылып, 2 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күніне 30-40 текше метр брусчатка шығаруда.
«Бұл шағын бизнес түрі аяқ жол, аулалар, саябақтар және басқа да құрылыс нысандарын көріктендіруге кеңінен қолданылады», – дейді Нұрлан Қасымбекұлы. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Бұл кейіпкердің табысқа жету тарихы – әр азаматтың жаңа мүмкіндіктерге жол аша алатынының дәлелі. Мемлекеттік қолдауды дұрыс пайдалана білген азамат тек өзіне ғана емес, қоғамға да пайда әкелуде.