Қараусыз жүрген үй жануарларының иелері жауапқа тартылды

14
фото ТОПД
Түркістан облысы Жетісай ауданында жасыл желектерге зиян келтіріп, маңызы бар көше бойымен жүріп жол көлік қозғалысына кедергі келтірген қараусыз мал иелерін анықтау жұмыстары жалғасуда.
Осы бағытта полицейлермен жүргізілген шара барысында қараусыз жүрген 6 жылқы анықталып, арнайы уақытша мал қамайтын орынға жеткізілді. Нәтижесінде мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу бойынша тағы да 4 құқықбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мал иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шара алдағы уақытта да үздіксіз жүргізілетін болады.