Қазақстанда азық-түлік бағасы өсуде. Әсіресе жергілікті тауарларға өсім байқалады. Өткен жылы өнімнің көтерме құны орта есеппен 5% — ға көтерілген. Мәселен, картоп бағасы 100 теңгеге қымбаттаған. Бұл тек бір мысал ғана. Қымбаттаудың негізгі себептері — тасымалдау бағасының өсуі және экспорттың артуы болып отыр.
Елдегі өнімдердің көтерме құны орта есеппен 5% — ға өсті. Сонымен қатар, жергілікті өнімдер импорттық тауарға қарағанда едәуір қымбаттаған. Азық-түліктің орташа құны Шымкент, Қарағанды және Жамбыл облыстарында көтерілген.
Бір жыл ішінде жемістер 4% — ға қымбаттады. Олардың бағасы маусымға байланысты да өзгереді. Какао бағасы 14% — ға, жаңғақтар 10% — ға өсті, тұз бен кофенің бағасы да көтерілген. Қант 5% қымбаттады. Ал ет пен ет өнімдерінің бағасы 3% — ға өсті.
Мәселен, Шымкент базарларында картоп 350 теңге тұрады, ал өткен жылы ол 100 теңгеге арзан болды. Пияз да дәл сондай бағаға өскен, ал сәбіз бағасы 50 теңгеге көтерілді. Себеп — тасымалдау құнының көтерілуі.
Сабыржан Бектаев, сатушы: «Картопқа 100 теңге қосылды ғой бір жылда, ал пиязға және сәбізге 50 теңге қосылды. Павлодарда басында қымбат болып жатыр складта, одан кейін бері қарай келетін транспорт бар, шығын көп, содан баға көтеріліп жатыр».
Ет бағасы да күрт көтерілді. Соңғы айда сиыр етінің құны бір килограмға 2600-ден 3000-ға дейін қымбаттаған.
Вагиф Алиев, сатушы: «Ет Қазақстаннан сыртқа да кетеді және олар да бізге сондай бағамен сатады, қазір баға 3000 теңге, ет 400 теңгеге қымбаттады».
Доллар бағамының өсуі импорттық тауарлардың құнына ғана емес, сонымен қатар отандық өнімдерге де әсер етті. Әсіресе ауыл шаруашылығында өзіндік құн құрылымы көп жағдайда импорттық компоненттерге байланысты болады.
Кирилл Павлов, аграрлық сарапшы: «Гербицидтер толығымен импортталады, тұқымдар да, әсіресе бақша өнімдері, өзге де көшеттер импортталады, қосалқы бөлшектер де импорттық. Дизель отыны қымбаттады, бұл бәрінің қымбаттауына әкеледі».
Сарапшылардың айтуынша, аграрлық ғылымды дамыту қажет. Заманауи технологияларды енгізу, отандық сапалы тұқым сорттарын әзірлеу, егіншілік пен мал шаруашылығының тиімділігін арттыру жағдайды біршама өзгертуі мүмкін дейді мамандар.