Қазығұрт: Аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер талқыланды

21
фото ҚАӘБҚ
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, Қазығұрт ауданының бас дәрігері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары, сот орындаушылары қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 3 мәселе көтерілді:
1. Қазығұрт ауданы аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақсыздығына алып келетін оқиғалар бойынша ақпараттарды дер кезінде хабарлап, ұсыну туралы.
2. Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы.
3. “2024-2025 жылдардағы” жылыту маусымының ауданда өткізілу барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары баяндама жасады. Баяндамашыларға және көтерілген мәселеге жауапты мамандарға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Көтерілген тақырыптардың өзекті екенін ескертіп, бұл бағыттарда жіберілген кемшіліктерді айтып өтті. Сондай-ақ, жіберілген кемшіліктерді тез арада түзеуге, алдағы уақытта бұл бағыттағы істердің тиянақты атқарылуын тапсырды.
Сонымен қатар, мәжіліске қатысушы барша қызметкерлерге ел үшін жасап жатқан қызмет ортақ міндет екенін ескертіп, осы бағытта бірге жұмыс жасауға шақырды. Олай болмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.