Қыздарды алдап шақырып, интимді фотоға түсуге көндірген

29

Өздерін модельдік агенттік ретінде таныстырып, интимдік материал жасаумен айналысып келгендер ұсталды. Күдіктілер 18 мен 25 жас аралығындағы қазақстандық қыздарды алдап шақырып, анайы фотоға түсуге көндірген. Полиция еліміздің бірнеше қаласында арнайы операция жүргізіп, 21 күдіктіні ұстады. Тексеріс барысында олардың Қазақстан мен көрші ел азаматтары екені анықталды.

Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
«Қылмыстық топтың ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асқандығы анықталды. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін».

Айта кетейік, күдіктілер еліміздің бес ірі қаласында, яғни Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды мен Ақтөбеде қолға түскен.