Салық төлеуден жалтарған

22
ОТЫРАР

Шымкентте аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған кәсіпкердің ісі сотқа жетті. Прокурорлардың мәліметінше, ол сенімсіз жеткізушілермен формальды мәмілелер жасап, мемлекетке тиісті алымдарды төлемеген. Енді күдіктіге «ұйымдарға салынатын салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Шымкент қаласының прокуратурасы: «Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллионнан астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтініш хатын қанағаттандырды. Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады».