Сауда орталығының қабырғасын ұрып сындырған бұзақы айыппұл арқалады

29
фото khabar.kz
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
С. 2025 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылындағы «Наурыз парк» сауда орталығының екінші қабатында орналасқан лифт алдындағы сол жақ қабырғасын ұрып сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген.
Сот отырысында С. кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
Сот, анықталған мән-жайларға сүйене отырып, жауаптылықты жеңілдетететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталмағандығын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде 196 600 теңге айыппұл жазасын тағайындады.