Ордабасы ауданы аумағында авиация саласын дамытуға бағытталған маңызды нысан болып табылады. Мұнда жеңіл реактивтік ұшақтарды құрастыру және оларды пайдалануға дайындау, сондай-ақ азаматтық және кәсіби ұшқыштарды даярлау жұмыстары жүргізіледі.
Орталықтың қызметі өңірдің техникалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және авиация саласындағы білікті кадрларды даярлауға септігін тигізеді.
Аудан басшысының жұмыс сапары барысында орталықтың техникалық жабдықтары, өндіріс үрдісі және оқыту бағдарламалары таныстырылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев өндіріс орнындағы «BESTAIRCRAF» ЖШС-нің басшыларымен кездесіп, олардың жұмысына сәттілік тіледі және кәсіпорынды одан әрі дамытуға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.