Президенттің «Әділетті Қазақстан» Тұжырымдамасын іске асыру аясында қалалық прокуратура пробация есебінде тұрғандарды тексеру бойынша мобильдік топ құрды.
Тексеру барысында мобильдік топпен сотталғандардың сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.
Тексеру қорытындысымен 192 сотталушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 138 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Қалалық прокуратура қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.