Шымкентте алаяқтар үйсіздердің атынан 23 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген

2

Шымкентте қылмыстық топ үйсіздердің атына несие рәсімдеген. Олар тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардың атына банк шоттарын ашып, жалпы сомасы 22 млн 800 мың теңге несие алған.

Бір емес бірнеше адамның атын пайдаланып жымысқы әрекетін жүзеге асырған топ ұсталып, оларға қарсы қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалды.

Ал несие берген коммерциялық ұйымның өз қызметіне адал қарамау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қадағалау органы өкілдері айтулы қылмыстық топ әртүрлі алаяқтық істермен 2021 жылдан бері айналысып келгенін мәлімдеді.

Жандос Досанов, Шымкент қалалық прокуратурасының 1-басқарма басшысы: «Коммерциялық ұйымның қызметкерлері 2021 жылы 22 800 000 теңге көлеміндегі алаяқтық фактісін анықтаған, алайда жалған жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғаларды тексеруге және олардың есеп-шоттарын бұғаттауға шаралар қолданбаған. Бұл құқық бұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарларын жүзеге асыруына және жәбірленушілердің қаражаттарын иемденуіне жол берілген. Қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауында».