Шымкентте құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды

фото ШП

Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компанияларды анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.