«Сыбаға»: Бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды

25
фото ҚР ҚМА

Түркістан облысында қазынадан 2 млрд. теңгеге жуық қаржыны жымқырған қылмыстық топ ұсталды. Олар «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алу үшін бөлінген субсидияларды алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді. Оңай жолмен қалтасын қалыңдатуды ойлағандар арам ойын жүзеге асыру үшін іс жүзінде жоқ серіктестіктің атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалау актілерін рәсімдеген.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: «Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген. Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ, құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған»

Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында 27 азамат күдікті деп танылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.