Түркістанда ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңгеден беріледі

23

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн. теңгеден беріледі. Бұл — Жеңістің 80 жылдығына орай бір жолғы әлеуметтік көмек. Қазіргі таңда өңірде 9 соғыс ардагері қалған. Бір реттік көмек басқа санаттағы ардагерлерге де қарастырылған. Бірақ төленетін сома өзгеше болмақ.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі басқарманың баспасөз қызметі: «Концлагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына, ҰОС кезінде қайтыс болған адамдардың жесірлеріне, ҰОС салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған азаматтардың зайыбына көмектің мөлшерін 50 000 теңгеден кем емес мөлшерде көрсетуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру бойынша облыс әкімінің орынбасармен тиісті тапсырма берілді».

Қазіргі таңда аудан, қала әкімдіктерімен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген санатындағы азаматтарға 30 бен 15 АЕК аралығында қаржы қарастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір жолғы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен бөлінеді.