Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 34 мекемесінде есірткі заттарын посылка арқылы беруге әрекет ету фактісі тіркелді.
Осылайша, ұрлық үшін жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме келіп түсті, оны тексеру нәтижесінде жедел бөлімнің қызметкерлері бес дана күдікті нысандағы және басқаларға ұқсамайтын жаңғақты тапты. Осы жаңғақтарды ашу кезінде қоңыр-жасыл түсті заттар алынды. Сараптама нәтижелері бойынша осы заттардың жалпы салмағы 3,472 грамм гашиш есірткісі екені анықталды.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.