Заңсыз электронды темекі саудасы үшін жазаланды

21
Фото: polezniesoveti.net
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды. Х. ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен (шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату) айыпталған.
 
Сотталушы шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы, заңға қайшы екенін біле тұра жасырын түрде «Е.» ойын ойнайтын клубта «WAKA» атты маркалы электронды темекісін сатқан және одан осы маркадағы 2-дана электронды темекісі тәркіленген.
 
Сотталушының кінәсі өзінің, куәлердің жауаптарымен, айғақты затты алу хаттамасымен, маманның қорытындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушыға 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді.
Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сот, Х.-ны ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.