Түркістан облысының Өзбекстанмен шектесетін аймағында заңсыз жанармай тасымалы азаймай тұр. Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында қылмыстық топ мүшелері тоннель қазып, бензин мен дизель отынын көрші елге саудалап келген. «Қара нарық жолының» ұзындығы 450 метрді құрайды. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аманбай Сабыр, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаментінің өкілі: «Бұл бойынша қазір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталып, қазіргі таңда сол 197 баптың Қылмыстық кодекстің тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҰҚК Шекара қызметімен бірлескен осындай бұйрықтар негізінде жұмыстар жалғасып жатыр».
Айта кетсек, өткен жылы өңірде мұнай өнімдерін шетелге заңсыз тасымалдаудың 567 дерегі анықталды. Нәтижесінде 39 тонна бензин мен дизель отыны тәркіленіп, құқық бұзушыларға 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.