Жасөспірімді ваннаға тұншықтырып өлтірген

36
Фото: canva.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қ. 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесі М.-нің 2018 жылы туған қызы Е.-нің ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлаған.
Әрі қарай, ваннаға су толтырып, тұншықтырып қасақана өлтірген. Сотталушының жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және істегі дәлелдермен бекітіледі.
Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот, Қ.-ны ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген.