Жезөкшелер үйі анықталды

40
фото Отырар.кз

Түркістан облысы Сайрам ауданында жөзекшелер үйі анықталды. Тексеріс барысында өзбекстандық 7 қыздың интимді қызмет көрсеткені белгілі болды. Бүгінде заңсыз нысанның жұмысы әшкереленіп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі: «Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұйымдастырушылар ұсталды».

Айта кетсек, былтыр Түркістан облысында 11 притонның жұмысы тоқтатылды. Тексеру кезінде бұл орындарда 35 адамның сексуалдық қызмет көрсетіп келгені әшкере болған. Оның 13-і өзбекстандық қыздар. Ал, «жеңгетайлар» ретінде Қазақстанның 12 азаматшасы ұсталған.