1 наурыздан бастап Шымкенттегі кезекші мамандандырылған ХҚКО жаңа мекенжайда жұмыс істейтін болады

фото МХҚКО

 

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» қала тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, енді 2025 жылдың 1 наурызынан бастап кезекші мамандандырылған ХҚКО 196 квартал, 381/1 мекенжайы бойынша жұмыс істейтінін хабарлайды.

Ол жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат — 20:00. Сенбі күндері сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, Достық м.а. 2343/1 мекенжайы бойынша орналасқан МХҚКО 1 наурыздан бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді — қызметтер тек жұмыс күндері сағат 18.00- ге дейін көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қалада тағы екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Олар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қызметалушыларға қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайда орналасқан: Жангелдин көшесі, 13 «А» және Желтоқсан көшесі, 121/1.
Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін айта кетеміз.