1072 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылған

Өткен жылы 2617 жүргізушіге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал 4283 адам әкімшілік қамаққа алынған. Сот қаулысымен 13 087 іс бойынша 1 млрд 377млн 465 мың 771 теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мәлімдеді.

Сонымен қатар, 1072 шет ел азаматының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған. Оларға қатысты Қазақстан шегінен шығарып жіберу жөнінде шешім қабылданды. Ал 464 іс бойынша әкімшілік құқық бұзғандардың мүлкі тәркіленген.

Ғалым Қалдаров, Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «464 іс бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасау салдарынан алынғанмүлікті тәркілеу туралы қосымша жаза қабылданған. Өткен жылы әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша құзырлы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қателіктерге жол бергені үшін, судьялар тарапынан 266 іс бойынша жекеше қаулы кабылданып, кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлерге шара көруге жолданған».