16 жыл іздеуде жүрген ер адам ұсталды

27

Шымкентте 16 жылдан астам іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 2009 жылы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында ер адам атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.

Күдікті 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-шы Адам өлтiру бабымен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адам ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жанерке Атыкаева, Шымкент қаласы прокуратурасының өкілі: «Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде».