2025-2027 жылдарға арналған жол картасы аясында жүзеге асатын инвестициялық жобалар

фото ШӨКҚ

2025-2027 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 423,6 млрд теңгеге 12 инвестициялық жобалар жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтсақ: 3 тауарлы сүт фермасы (инвестиция құны 4,8 млрд. теңге), 3 жеміс-көкөніс сақтау қоймасы (инвестиция құны 8,9 млрд. теңге), 2 құс фабрикасы (инвестиция құны 33,0 млрд. теңге), 3 жылыжай кешені (инвестиция құны 372,7 млрд. теңге), 1 құрама жем зауыты (инвестиция құны 4,2 млрд. теңге).

2025 жылға 2 тауарлы сүт ферма және 3 жеміс көкөніс сақтау қоймаларын салу жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 12,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 7,5 мың тонна сүн, 6,3 мың тонна жемістер мен көкөніс сақталатын болады.

Сонымен қатар, 2024 жылдың тамыз айынан бастап Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі қызанақ өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысын бастау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда инвестор кезең-кезеңімен бетон құю мен болат конструкцияларын монтаждауға жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары жоспар бойынша 2026 жылы аяқталады.

Ауқымды инвестициялық жобаның құны 650 млн АҚШ долларын құрайды, ал жалпы ауданы 650 гектар. Жобаның бірінші кезеңі іске қосылғаннан кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, толықтай аяқталған соң 5 мың жұмыс орны құрылады. Жылыжайдың жылдық жалпы өндірістік қуаттылығы 155 мың тонна қызанақ болады деп күтілуде.