Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «S.» ЖШС-мен жауапкер «Т.» ЖШС-нің арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы дау медиация тәртібімен тараптар өзара тиімді келісімге келді.
Алдын-ала сот отырысы барысында татуластырушы – судья, тараптарға дауды бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім шеңберінде шешу құқығын түсіндіре отырып, осы келісімнің құқықтық салдарын түсіндіріп өтті.
Тараптар осыдан кейін дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат беріп, келісім бойынша жауапкерлер талап қоюшының талаптарымен келісіп, ортақ тәртіпте талап қоюшыға 2025 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін, 47 миллион теңгеден асатын қарыз сомасын бөліп төлейді.
Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Талап қоюшыға 1 434 048 теңге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.