Алаяқтар «Отырар» телеарнасының материалдарын пайдалануда

20
Фото: Halyq Uni

 

Құрметті көрермендер!

Ғаламтор кеңістігінде «Отырар» телеарнасының материалдарын пайдалануға қатысты алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар біздің бейнелерімізді жүктеп алып, дауыстық хабарламаларды өзгертуде және пайдаланушыларды алдауға тырысатын күмәнді сілтемелерге өтуге шақыруда.

Ескерту:
«Отырар» телеарнасы ешқашан сілтемелерге өтуді, жеке деректерді немесе кез келген құпия ақпаратты беруді сұрамайды.

Өте мұқият болыңыз!

Мұндай әрекеттерге тап болсаңыз, дереу құзырлы органдарға хабарлауды және ешбір жағдайда берілген сілтемелерді қолданбауды ұсынамыз.