Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысын үйлестіруді субсидиялауға 42 млрд. теңге бөлінген. Оның 65 пайызға жуығы автобус жүргізушілерінің жалақысы. Қазіргі таңда жүргізушілердің айлығы 501 мың теңге.
Бұл туралы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы айтты. Айлықтың барлығы субсидиядан бөлінеді. Ал субсидия көлемін азайту үшін жолақысын көтеру керек болады дейді Ролан Ибрагимов.
Ролан Ибрагимов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «23 млрд. болған кезде жүргізушілердің айлығы 180 мың теңге еді. Қазір 501 мың теңге. Бұл ақшаның бәрі автобус компанияларына кетіп жатқан жоқ. Субсидияның 65 пайызы жүргізушілердің айлығы болып тұр. 500 мыңның барлығын үкімет субсидия жасап жатыр».