Бәйдібек ауданының экономикалық әлеуетін көтеру мақсатында жүйелі жұмыстар атқару қажет

фото БАӘБҚ
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов ауданның экономикалық әлеуетін көтеру мақсатында кәсіпкерлік пен инвестицияларды тартуға бағытталған арнайы жиналыс өткізді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ауданның экономикалық жағдайын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауданға инвестицияларды тарту үшін тиімді шараларды жүзеге асыру.
Аудан басшысы ауыл әкімдеріне жергілікті кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатуға, жаңа жобаларды қолдауға, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты нақты тапсырмалар беріп, оларға өздерінің басқару аясында кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауды тапсырды.
Ауданның экономикалық өсіміне ықпал ету үшін әрбір ауыл әкімінің белсенді жұмысын және кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді басты назарда ұстауға шақырды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов «Инвестицияларды тарту арқылы ғана біз өз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарта аламыз», – деп атап өтті.