Білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды

фото ТҚӘБҚ
Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы Қожамжарова білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп берді.
Іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Улана Сламбекова, Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ляззат Қызылқұлова, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары, балабақша меңгерушілері және мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.
Кездесуде білім сапасын арттыру, оқушылардың жетістіктерін дамыту, мектепке дейінгі және қосымша білім беру бағыттарындағы өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар, 2025 жылы жүзеге асырылатын негізгі басым бағыттар айқындалды:
Оқушы орны тапшылығын жою:
«Жайлы мектеп» жобасы аясында екі мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі; Үш мектеп жанынан жапсарлас ғимараттар салу жоспарланған;
Төрт білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Білім сапасын арттыру: «Мақсатты мектеп» жобасына енген білім беру ұйымдарының білім сапасын жақсарту; Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстарды күшейту.
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыру. Мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласын дамыту: Балабақшаларда тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылдау; Қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту. Мектеп инфрақұрылымын жетілдіру:
Білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары жалғасады.
Аталған бағыттар білім сапасын арттыруға және оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға негізделген.