«Қазақстандықтардан табыс табады, бірақ салық төлемейді». Мәжіліс депутаты Азат Перуашев азаматтарымыз танымал шетелдік маркетплейстер ҚҚС төлеуден жалтарып жүргенін айттады. Қазақстандық өндірушілер салықтардың барлық түрлерін төлейді: ҚҚС, КТС, әлеуметтік аударымдар, кедендік баждар және қызметкерлердің жалақысы.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Шетелдік маркетплейстер, басқалармен қатар, құны 200 еуроға дейінгі сәлемдемені бажсыз әкелу құқығын пайдаланады. 2023 жылы шетелдік маркетплейстер 505 млрд. теңгенің тауарын жеткізген, бюджетке 24 млрд. теңге төледі- бұл айналымның 4,8%. Бұл кедендік баждардан толық кету және ҚҚС-тан 2,5 есе аз, ол тағайындалған елде төленеді және бюджетті толықтырудың маңызды факторы болып табылады. Шетелдік маркеплейстердің ҚҚС-тан жалтаруынан бюджетке 60 млрд. теңгеден астам қаражат түспеген».
Қазір АҚШ пен ЕО қытайлық маркетплейстердің баж және тексеру шараларын күшейтуде. Депутат Қазақстанға да осындай шаралар қажет деп есептейді. Мәжілісмен: шетелдік маркетплейстерді салық органдарында тіркеуді, салықтарды төлеуді міндеттеуді және қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықта жұмыс істеуді ұсынады.
Экономист Бекнур Кисиков маркетплейстердің бақылаусыз өсуі жергілікті өндірісті ынталандырудың орнына жұмысына кері әсерін тьигізеді дейді. Алайда олардың қызметін реттеуде барлығын жан-жақты талдап барып кірісу керек. Қытай — маңызды сауда серіктесіміз, Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін АҚШ пен Еуропаның экономикаларына қарағанда импортқа қатты тәуелді.
Бекнур Кисиков, экономист: «Егер біз қандай да бір бөлшектер, өндіріске қажет жабдықтар немесе дайын өнімдер туралы айтатын болсақ, сол смартфондар. Біз оларды шығармаймыз. Қарапайым электр аспаптары біз оларды өндірмейміз, ал егер біз оларға бағаны көтерсек, олар қымбатқа түседі, бірақ Қазақстанда бұдан пайда болмайды. Мұнда 04.10 дифференциалды тәсіл қажет».
Сарапшының пікірінше, Қазақстан агро саласы, мал шаруашылығын және мұнай өнімдерін дамытуға басымдық бере отырып, шетелдік нарықтарда «Қазақстанда шығарылған» имиджін құруға емес, ішкі: өзін-өзі қамтамасыз етуге басымдық беруі керек.
Шынар Оразова