Екі адамды өлтіріп, суға ағызып жіберді деген күдіктілерге қатысты сот басталды

Түркістан облысында тағы бір жаға ұстатарлық оқиға орын алды. Шардарада жиені және жездесін өлтіріп, суға ағызып жіберді деген ауыр күдікке ілінген екі адамға қатысты сот талқылауы басталды.

Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған. 2 сотталушыға қатысты қылмыстық іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Оларға адам ұрлау және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылып отыр.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі: «24 ақпан 2025 жылы сағат 10:30 — ге тағайындалған басты сот талқылауында соттаушылардың істі алқабидің қатысуымен қарауды сұраған өтініштері қаралып, қанағаттардырылды».

Гүлдана Сейдрасул