Шымкентте есепте тұрған 138 жазасын өтеуші қайтадан түрмеге тоғытылды. Құзырлы орган өкілдерімен құрылған мобильді топтың тексеру жұмысы барысында сотталғандардың өздеріне қойылған шектеулерді орындамауы бойынша 258 заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 192 сотталған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 138 азамат түзеу мекемесіне қайтарылды.
Самат қАДЫРОВ, Үкімдерді орындау-қадағалау басқармасының аға прокуроры: «Ағымдағы жылы мобильді топпен есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар, сот үкімімен шектеулер қойылғаны бойынша арнайы ақпараттық жүйе арқылы тексерілді. Нәтижесінде, 258 бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар, 192 әкімшілік тәртіпке тартылды. Оның ішінде 138 сотталған алдыңғы сот үкімімен тағайындалған жаза түрін бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды».
Қайтадан түрмеге қамалғандар қоқыс тастау, масаң күйде жүру, сот үкімімен берілген талаптарды орындамау, қала аумағынан басқа жерлерге шығып кету деген секілді құқықбұзушылықтар жасаған. Сонымен қатар, қылмысын қайталағандар да бар.