Түркістан облысының бірнеше ауылында мас халде жасалатын қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» бірегей жобасын іске асыру жалғасуда. Ал Мақтаарал ауданында бұл жоба ішімдік сатудан бас тартқан 14 елдімекенді қамтыды.
Атап айтқанда, 250-ге жуық отбасы тұратын және 1600-ден астам тұрғыны бар Бірлік ауылдық округінің Табысты ауылында ауылдық билер мен ақсақалдардың бастамасымен алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Соңғы 4 жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. «Ішімдіксіз ауыл» жобасын қолдау жергілікті билік тарапынан жоғары бағаланды.
Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз қарым-қатынасы, ақсақалдармен және жастармен сенімді сұқбаттары, шынымен қауіпсіз орта құруға және оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Осы ретте Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев қылмысты азайтуға және құқықтық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан Табысты ауылының қоғам белсенділері мен ақсақалдарына алғыс хаттар табыс етті. Бұл бастама Қ.Пернебаев және Төрткүл ауылдары сияқты басқа ауылдардың тұрғындарына оң ықпал етіп, олар да акцияны қолдауға және жалғастыруға ниет білдірді.
«Ішімдіксіз ауыл» жобасы-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, салауатты және қауіпсіз қоғамды қалыптастыруға жасалған қадам. Мұндай бастамалар бірлескен күш-жігермен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге және өмірді қауіпсіз етуге болатындығын көрсетеді.