Кәмелетке толмағандар арасында ұрлық пен тонау азаймай тұр. Тіпті жай төбелестің арты қанды қылмысқа ұшырап, жасөспірімдер түрмеге тоғытылған жағдайлар да кездеседі. Бұл туралы қалалық сот өкілдері мәлімдеді. Жалпы өткен жылы 2023-пен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер саны азайған. Бірақ қазіргі көрсеткіштің өзі көңіл көншітпейді.
Ұрлық, тонау, алаяқтық. Бұл кәмелетке толмағандар арасында ең танымал қылмыс түрлері. 18 жасқа толмағандар бөтеннің мүлкін тонаудан алдына жан салмай тұр. Дегенмен, қылмыс саны 2023 жылмен салыстырған едәуір азайған дейді сот төрағасының міндетін атқарушы. Сонда да, ауыр қылмыс жасап, темір тордың ар жағына тоғытылғандар да бар.
«Мопедтерге қатысты ұрлық көп жасалып жатыр. Өйткені ашық жерде тұрады, қолжетімді, қызығады. Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанымыз бар. Ол жерде 6 жыл 8 айға. Ол жерде кәмелет толмаған балалар арасында төбелес болған кезде, бір бала екіншсіне пышақ салған жағдайда. 4 қылмыстық іс бойынша іздеу жарияланды, 1 қылмыстық іс бойынша прокурорға қайтарылды, 3 қылмыстық іс біріктірілді»,- деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы м.а. Болат Қарабаев.
Өткен жылы сотқа келмеген 4 тұлғаға қатысты іздеу жарияланған. Жалпы қалалық сотқа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі азамттық істерге қатысты. Ішінде белең алып тұрғаны – отбасы даулары. Тұрмыстық кикілжің әлі де азаймай тұр. Өткен жылы азаматтық сотқа түскен арыз саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп.
Бақытжан Бөрібеков, Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы: «Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы санкция 432 материал болған. 2023 жылы бұл кезеңде 224 болған. Оның ішінде 179-ы санкцияланған. Соттылығы бойынша 380 істі құраған, ал біріктірілген істер 230».
2024 жылы жалпы қала соттарына 45 мыңнан астам арыз келіп түсссе, оның 36 500-і азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түскен.