Кәсіпкер, чек беруді ұмытпа!

8

Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлердің бақылау-кассалық машинаны қалай қолданып жүргені тексерілді. Сауда, қызмет көрсету және жұмыс орындаумен айналысатын барлық кәсіпкерлер бұл аппаратты қолдануға міндетті. Ескеретін тағы бір жайт, бұл талап арнайы салық режимін пайдаланатын кәсіпкерлерге ғана қолданылмайды.

Кәсіпкер, чек беруді ұмытпа! Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлердің кассалық аппараттарды қолдануы бойынша тексеріс өтті. Сауда, қызмет көрсету және жұмыс орындаумен айналысатын барлық кәсіпкерлер үшін кассалық аппараттарды пайдалану міндетті. Бұл талап арнайы салық режимі негізінде бұл міндеттен босатылған кәсіпкерлерге ғана қолданылмайды.

Қаракөз Мырзаханова, сатушы: «Біз сағат 8-ден 6-ға дейін жұмыс істейміз. Бізде бәрі бар: каспи аппарат, терминал. Клиенттер келеді, сауда жасайды. Чек береміз»

Кассалық аппарат табысты бақылау үшін қажет. Ол бизнестің айналымын тіркеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға көмектеседі. Ал, клиент төлем жасағаны туралы растама алады. Ең бастысы бұл – көлеңкелі экономиканы төмендету, өйткені мемлекет салық түсімдерін реттейді.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы: «Касса аппаратын пайдалану ережелерін бұзған жағдайда, бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылуы мүмкін. Егер бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық болса, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, орта кәсіпкерлікке 30 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады»

Әл-Фараби ауданында 35 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Олардың жартысынан көбі, яғни 17 мыңнан астамы бақылау-кассалық машинаны пайдаланады. Ескерте кететін жайт, егер сізге мемлекеттік – қазақ тілінде чек берілмесе, кәсіпкер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда салық органдарына хабарласа аласыз.