Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталып, салауатты өмір салтын ұстану әрбір азаматтың басты ұстанымына айналуы керектігін баса айтып келеді. Соның нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары артуда. Бүгінгі турнир тек жарыс қана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыруға мүмкіндік береді, – деген Ұлана Сламбекқызы бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын тілге тиек етті.
Турнирде 8 команда бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары кубоктар, медальдар, арнайы қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ 4 номинация бойынша да арнайы жүлделер табысталды.
Тартысты өткен кездесулердің нәтижесінде:
• І орын – Мойынқұм ауданы
• ІІ орын – Жуалы ауданы
• ІІІ орын – Сарысу ауданы
“Үздік қорғаушы” – Төсбаев Думан атанды (Талас ауданы),
“Үздік үйлестіруші” – Аманов Талғат атанды (Байзақ ауданы),
“Үздік шабуылшы” – Қазақбайұлы Нұркелді атанды (Мойынқұм ауданы),
“Үздік ойыншы” – Атен Медет атанды (Жуалы ауданы).