Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың төрағалығымен Наурыз мерекесіне дайындық жөнінде жиналыс өтті.
Кездесу барысында “Наурызнама” онкүндігі аясында өтетін іс-шаралар талқыланып, мәдениет және өнер мекемелерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламалар, халықтық серуендер, ұлттық ойындар және қауіпсіздік шаралары пысықталды.
Бауыржан Орынбасарұлы Наурыздың ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтіп, халықтың белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін ақпараттық насихатты күшейту қажеттігін ерекше айтты.
Жиын соңында жауапты мекемелерге іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.