«Бақылау» рейдтік іс-шарасы барысында қайта қылмыс жасауға бейім ретінде пробация есебінде тұрған бірнеше сотталғандардың тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталып, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді және хаттама толтырылып, ескертулер берілді.
Рейдтік іс-шара жүргізу барысында пробация есебінде тұрған «Д» есімді азаматтың қалтасынан полиэтилен пакетке салынған 12,63 гр марихуана есірткі заты анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
07.02.25ж. ауданаралық соттың үкімімен «Д» есімді азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 30 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.