Қарызға ет алып, 20 млн. теңге шығын келтірген

фото vetlechebnica74.ru

Кентауда сатушыларды алдап, 20 млн. теңге шығынға батырған 39 жастағы әйелге қатысты сот жүріп жатыр. Ол екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға жіліктеп ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген. Бірақ ақшасын сол бойы қайтармаған.

Полицейлер алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады. Жұмыссыз әйелдің дәл осындай тағы 5 фактіге қатысы бары екені анықталды. Ол жәбірленушілердің бәрінен қарызға жіліктеп ет алған. Оны базарға апарып, төмен бағада сатып жіберген. Ал түскен ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан.

Заманбек Исмаил, Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі бөлімінің басшысы: «Түркістан облысын Кентау қалалық сотының өндірісінде ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4- тармақтары бойынша айыпталған М-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бүгінгі таңға дейін бірнеше сот отырыстары өткізілген. Келесі сот отырысы 27 ақпан сағат 10:00-ге тағайындалды».