Қоқыс тазалап жатқан ер адам жүк көлігінен құлап кетті

27
фото Астана.тв

Әлеуметтік желіде қаладағы көшелердің бірінде қоқыс жинап жүрген ер адамның жүк көлігінен құлап кеткен видеосы тарады. Ол қарға құлап бірнеше минут орнынан тұра алмай жатады.

Оқиға қаңтар айының 22 күні болған. Бұл жағдай туралы қоқыс жинайтын мекеме басшысы түсінік берді. Ол жұмысшының денсаулығы жақсы екенін айтып, ер адам қатты соққан жел салдарынан құлағанын, қазір өзін жақсы сезінетінін айтты.

Сонымен қатар, жұмысшылар неге жүк көлігімен жүргенін де түсіндірді. Сөзінше, мекемеге қарасты екі көшеге қалың қар кезінде арнайы техника кіре алмаған соң, жүк көлігін жалдайтын көрінеді.

Абзал Шаметов, «Бастау» ЖШС директоры: «Қар жауып тұрған себептерден байланысты құлап кеткен. 102 шақырылған, 103 келген. Құлаған жүкші ешқандай арыз-шағымы жоқ, бәрінен отказ беріп, жұмысын ары қарай жалғастырып кеткен, ауруханаға көрініп келгеннен кейін».