ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, бұрын сотты болған тұлғалармен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында 2025 жылы 10-23 ақпан аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» (Подучетник) жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның бір тәулігінде, ІІО-ы есебінде тұрған 1912 тұлға тексерілді.
Пробация есебінде тұрған 194 тұлға тексерілген. Тексеру жүргізу нәтижесінде:
Әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қала бойынша, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 212 тұлға есепте тұрса, 1 тәулікте олармен жасалған 14 құқық бұзушылық анықталды.
Пробация есебінде тұрған тұлғалар жасаған 5 құқық бұзушылық анықталды.
Қорғау нұсқамасын бұзудың 8 жайты анықталды.
Ерекше талапты бұзудың 6 жайты анықталды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған тұлғаны түзеу мекемесіне кері қайтару туралы сотқа 2 ұсыныс жолданды.