Сайрам: Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

21
фото САӘБҚ
Сайрам ауданындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне жарнама жазуларын реттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ аудан орталығындағы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарын түсіндіріп, әдістемелік көмек берді.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға және эстетикалық талаптарға сәйкес келмейтін жазуларға ескерту берілді. Көше бойында орналасқан дүкендер мен сауда орталықтары жіті тексерілді. Жарнама мен маңдайша жазуларындағы қателер туралы нысан меңгерушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ескертілді.
Айта кетейік, көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша орыс тіліне аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Алдағы уақытта осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары барлық ауылдық округте тұрақты түрде жүргізілетін болады.