Сарыағаш ауданында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аудан кәсіпкерлері, шаруалары құс шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен қолдау тауып, кәсіптерін дөңгелетуде. Солардың бірі, Қабланбек ауылдық округінің тұрғыны Гүлдана Ақбердиева былтыр жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Бүгінде, көпбалалы ана «Береке» шаруашылығында бөдене құсын өсіріп, үй құсын және жұмыртқасын сатылымға шығарып отыр.
Айта кетсек, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жыл бойы атқарған еңбектерінің нәтижесі көрініс табатын “Altyn küz — 2023” мерекесінде Сарыағаш ауданы құс шаруашылығын дамытуда озат аудан атанған.