«Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында, Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері “Қорғау нұсқамасы” және “Ерекше талап” бойынша есепке алынған тұлғалардың мекен-жайын тексеріп, профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде 2 отбасы ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Алдағы уақытта қос отбасы сақшылардың қатаң бақылауында болады.
Басқарма қызметкерлері рейд кезінде кейбір тұрғындардың бұрын қателікке бой ұрғандардың ісінен сабақ алып, түзу жолға түскендерін байқады. Ал жағымсыз қылықтарын тыюға әрекеттенбейтін кейбір азаматтармен жүргізілетін жұмыстар алдағы уақытта да полицияның күн тәртібінен түспейтін болады.