Шымкентте сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар саны артып келеді. Олардың жұмысы да қарқынды. Бүгін Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдері іссапармен келіп, кәсіпкерлердің жұмыс барысын бақылады.
Шымкенттегі қатты ірімшік шығарумен айналысатын кәсіпорын 2023 жылдан бері жұмыс істейді. 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын күніне 40 тоннаға жуық сүт қабылдайды. Елдің барлық аймағына жолдайтын өнімді енді экспортқа шығару жоспарда бар.
Измир Лопаев, кәсіпкер: «2023 жылы ашылдық, басында бірқатар қиындық болды, бірақ біз оның бәрін еңсердік. Күніне 35-40 тонна сүт қабылдаймыз. Қатты ірімшік шығарамыз, Қазақстанның барлық өңіріне жолдаймыз. Біздің өнімге көбіне асхана,мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындарында сұраныс жоғары».
Ал бұл кәсіпорында құрт, ірімшік, қаймақ, айран, сары май өндіреді. Сүт өнімдерін Шымкент, Түркістан облысына, Батыс пен Шығысқа жеткізеді. Кәсіпорын демалыссыз жұмыс істейді.
Шымкент қаласына Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында қаладағы бірқатар мекемелерді аралап, жұмыс барысын бақылады. Ал айтулы салаға жауапты мамандар, бүгінде жергілік кәсіпкерлерге қажетті жағдайдың бәрі жасалып отырғанын айтады.
Жәнібеу Тоғай, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыныңы бөлім басшысы: «Мемлекет тарапынан бұл кісілерге шығарып отырған сары май мен қатты ірімшікке, сырға кг – 30 теңгеден мемлекет тарапынан қайтарымсыз субсидия беріледі, сары майға 36 теңгеден беріледі. Шығарған өніміне қарай құжаттарын ауыл шаруашылығы басқармасына».
Шымкентте сүт өнімдерін өндірумен және тасымалдаумен айналысатын 12 мекеме бар. Олардың бәрі мемлекеттен субсидия алады.
Шынар Оразова